426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстандықтар автобустарда электронды билеттер бойынша жүретін болады

  • 140
  • UPD: 14:31, 07.10.2021
Қазақстандықтар автобустарда электронды билеттер бойынша жүретін болады

Бұдан былай қазақстандықтар автобуспен қатынау үшін электронды билет алуға тиіс. Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесіне осындай өзгеріс енгізді.

4 қазанда бұйрықта көрсетілгендей, жолаушы автобусқа мінерде сатып алған электронды билетін немесе жеке куәлігін көрсете алады. 

Айта кетерлігі, куәліктің түп-нұсқасынан бөлек, цифрлық құжаттар сервисіндегі электронды нұсқасы жарамды саналады. Автобусқа мінгізерде жолаушының билетте көрсетілген аты-жөні мен куәлігіндегі жазбасы тексеріледі. Халықаралық және қалааралық бағыттардағы автобустың жолақысы мен жүк ақысын бұрынғыдай автобекеттер мен жолаушыға қызмет көрсететін орындар мен ақпараттық жүйе арқылы қабылданады. 

Хабар 24 телеарнасы