Павлодардағы жол апаты: дәрігерлер оқушылардың жағдайы туралы мәлімет берді

Павлодарда жол апатынан зардап шеккен оқушылардың жағдайы тұрақты.

Кеше қалада өрт сөндіру көлігі мен мектеп автобусы соқтығысып, 9 бала түрлі жарақат алған еді.

Жалпы, автобуста 15 бала болған. Қазір 3 жасөспірім облыстық балалар ауруханасында жатыр. Үш балаға да бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Қалған балалар амбулаториялық ем қабылдап жүр. Жол апаты бойынша тергеу жұмыстары басталып, тиісті сараптама тағайындалды. 

Гүлнәр Буратаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Тоғыз баланың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдайлары орташа деңгейде, тұрақты. Олар толқыққанды тексеруден өтті. Бас-миының компьютерлік томографиясы жасалды. Қалған алты бала тексеруден соң үйлеріне қайтарылды. Олар учаскелік дәрігерлерді ңбақылауында.