Елордада «Ер төстік» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада «Ер Төстік» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

«Балалар әдебиеті жылына» орайластырылған шара мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің шығармашылығына арналды. Екі ай ішінде 90 автордан 100-ге жуық жұмыс қабылданды. Жас қаламгерлер проза, ертегі, өлең және үздік иллюстрация аталымдары бойынша іріктелді. Ұлттық академиялық кітапханасында өткен әдеби кешке Мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болды. Марапаттау рәсіміне жазушылар, депутаттар және ұстаздар қауымы қатысты.

Анар Қабдуллина, әдебиет сыншысы:

– Қазылар алқасына сарапқа салу, 90 шығарманың ішінен үздіктерін таңдап алу оңай тимеді деп айта аламын. Бірнеше күн бойы үлкен тартыстар болды. Енді бүгін, міне, жүлдегерлер жүлдесін алып жатыр. Үздік жүлделер өз иесін тапты деп ойлаймын. Балалар әдебиетіне мемлекеттен жылына 227 млн теңге бөлінеді ғой. Бұл ақшаны кітапхана тендерден тауып, өз күшімен өткізген байқау деп айтуға болады.

Сондай-ақ...