Ақтөбелік кебек өндірушілер бағаны негізсіз өсірген

Ақтөбе облысында кебек өндіруші кәсіпорындар өнімді негізсіз қымбаттатқан. 

Олардың қызметіне талдау жүргізген өңірлік монополияға қарсы департамент мамандары осылай дейді. Анықталғандай, тамыз айында кәсіпкерлер кебек бағасын тұрақты ұстау туралы өзара келіскен. Содан бері бағаны өсіруге еш себеп болмаса да, қымбаттатып жіберген. Шаруалар шағымданғаннан кейін департамент тексеру жүргізді. Бәскелестікті қорғау саласындағы заңды бұзғаны үшін, екі кәсіпорынға қатысты шара қолданылатын болды.

Сағындық Ерғалиев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АОБ департаментінің басшысы:

– Екі өндірушінің іс-әрекеттерінде заң бұзылу белгілері байқалды. Олардың атына бағаны төмендету туралы хабарлама шығарылды. Егер хабарлама орындалмаса, тергеу жүргіземіз.