Алматыда 8 дәрігер жұмысынан қуылды

Алматыда халықты жаппай иммундау науқаны басталғалы бері екі медициналық мекеменің басшысы, алты дәрігер мен медбике жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығы жалған екпе төлқұжаттарын сатумен айналысқан. Бұл туралы бүгін брифингте мегаполистің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты. Оның айтуынша, Алматыда соңғы айларда жалған медициналық құжаттарды сатудың 16 фактісі анықталды. Паспорттар қаладағы үш емханада сатылған. Қазір қылмыстық схемаларды полиция тергеуде.