425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтаудағы Құрық ауылы туристер арасында несімен танымал

  • 80
  • UPD: 18:19, 07.10.2021
Ақтаудағы Құрық ауылы туристер арасында несімен танымал

Ақтау қаласының тұрғыны Сергей Хачатрян Каспийде қалған ескі кемелердің қалдығын биіктен бейнеге түсіріп алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тұрғындар бұл мекенді «кемелер зираты» деп атайды. Ақтаудан 70 шақырым жерде орналасқан Құрық ауылындағы жағалауда қалған алып кемелердің теңізге қашан батқаны туралы нақты мәлімет жоқ. Тұзды суда ағаш қаңқалары ғана қалыпты. Интернетте бұл кадрлар қазірдің өзінде жүздеген қаралым жинап үлгерді. Бірі бұл кемелерді патша заманынан қалған десе, енді бірі 19 ғасырдың аяғында қайырлап қалған ирандық кемелер дейді. Құрықта қалған кемелердің қалдығын көруге туристер көп келетін көрінеді.

Сергей Хачатрян, Ақтау қаласының тұрғыны:

– Мен бұл кемелер туралы осыдан 5 жыл бұрын білдім. Ол кезде биіктен түсіруге мүмкіндік болмады. Теңіздің тұзды суында темір бөліктері шіріп, тек ағаштары ғана қалған. Барлығы бесеу. Үшеуі құмда, ал біреуі теңіздің суында тұр.

Хабар 24 телеарнасы