СҚО-ның Лебяжье ауылында 3,5 мың құсты жойып жіберді

Солтүстік Қазақстан облысының құс тұмауы шыққан Лебяжье ауылында індетке қарсы шаралар аяқталды.

Карантинге жабылған елді мекенде 3 жарым мыңға жуық қаз, үйрек пен тауық жойылды. Тұрғындар өтемақы алу үшін құжат жинап жатыр. Шығын көлемі 10 млн теңгеге  жуық.

Мал дәрігерлердің айтуынша, қазір жағдай тұрақталған. Кейінгі аптада құс өлімі болмаған. Бірақ шектеу әлі алынған жоқ. Болжам бойынша жұқпалы ауру жабайы құстардан тараған. 

Марат Ыбыраев, ҚР АШМ Аумақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы:

- Көрші елді мекендер мына Қарақоға, Конюхова және Құралай деген тағы басқа көрші ауылдарда мынау вакцинация жұмыстары қалған құстарға қарсы, енді мынау құс тұмауына қарсы вакцина егіліп жатыр. Біздің комитет минсельхоздан біз өзіміз акиматпен бірге 100 мыңнан көп вакцина сұраныс бергенбіз. Соны қазір күтіп отырмыз.