Елімізде ит, мысық пен тышқанның етін жеуге заң бойынша тыйым салынбақ

Жануардың өліміне әкеліп соққан жағдайлар үшін қатаң жауапкершілік жүктеледі. Кінәлі тұлғаға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Қылмысты екі қайтара жасағандар 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Қазір елде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Ұсынылған заң жобасы жануарларға қатысты жағымсыз жағдайларға тосқауыл қояды. Мұндайға иттердің төбелесін өткізу, анестезиясыз ветеринарлық операция жасау, әлсірету және уақытылы көмек көрсетпеу, қатыгездікпен өлтіру сынды әрекеттер кіреді. Сондай-ақ ит, мысық, тотықұс және тышқандардың еті мен майын пайдалануға, жеуге алғаш рет заң бойынша тыйым салынбақ.

Данияр Тұрғамбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі комитеті төрағасының орынбасары

- Қылмыстық кодекстің жануарлардың өліміне байланысты санкциялар 200 АЕК дейін және 50 тәулікке дейін қамауға алуға күшейтілді. Және 2 немесе одан да көп қылмыс жасағандар БАҚ-та қолдана отырып, бұл әрекетті бірнеше рет жасаған кезде 1000 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған және 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру.