Қазақ пен қырғызға аудармашы қажет емес – Ақтоты Райымқұлова

Тәуелсіздігімнің 30-жылдығына орай Қырғызстанда Қазақстан мәдениетінің күндері ашылды. Бішкек тұрғындары осы шара аясында көптеген концерт пен көрмелерді тамашалап, қазақстандық суретшілермен кездеседі. Сондай-ақ көшпенділер өркениеттің талай сырын ашқан археологиялық жәдігерлермен таныса алады.

Қазақстанның мәдениет күндері фильм көрсетілімдерінен басталды. Топтамаға елдің тарихи мұрасы мен өзекті мәселелерін ашатын картиналар кірді. Кіруі тегін, сондай-ақ, демалыс күндері көрсетіледі, яғни Бішкек тұрғындарының көбісінде қазақстандық режиссерлердің туындыларымен танысуға мүмкіндігі болады.

Ақтоты Райымқұлова, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі:

– Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ. Бізге аудармашы да қажет емес. Тарихымыз, дініміз, дәстүріміз - бәрі ортақ. Әрине, елдеріміздің тәуелсіздігінің 30-жылдығы атап өтілетін кезде халықтарымызды біріктіретін осындай керемет шаралардың жиі өтуін тілеймін.

Ал Қазақстан мәдениеті күндерін ашу салтанаты ұлттық филармонияда өтті. Гала концертке еліміздің Еңбек Ерлері Әлібек Днишев пен Роза Рымбаева қатысты. Сондай-ақ жергілікті жұрт халық әртісі Нұржамал Өсенбаева мен еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы орындауындағы өлеңдерді жылы қабылдады. Гала-концертке құрметті қонақ ретінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров да келді.  

Қайрат Иманалиев, Қырғызстанның мәдениет министрі:

– Бізге Қазақстанның 400-дей мәдениет қайраткері келді. Арасында әншілер, театр мен кино актерлері, тарихшылар мен суретшілер бар. Осындай құметті қонақтардың барлығын құшақ жайып қарсы алдық. Бұл біз үшін үлкен шара, өйткені мәдениет тек бүгінгі күнмен шектелмейді. Мәдени диалогымызды ұдайы жалғастырып, бірлесіп концерт пен көрмелер өткіземіз. Өйткені бізді біріктіретін ортақ тұстарымыз көп. 

Өнерсүйер қауым Абай атындағы мемлекеттік опера мен балет театрының орындауында Абай опера қойылымын тамашалай алады. Қырғыз ұлттық көркемөнер музейінде Қазақстаннан әкелінген 70-тен аса бірегей жәдігер әкелініп, Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Орталық өнер мүзейі қорындағы суреттер көрмесі өтеді. Экспонаттар Ұлы Дала өркениетін құрған көшпенділердің мәдени дәстүрлерінің түрлі тұстарын көрсетеді.

Авторлары: Бақыт Чермашев