Павлодар облысында нан бағасы қымбаттайды

Павлодар облысының билігі мен шаруалары әлеуметтік нан бағасын ұстап тұруға уағдаласты.

Меморандумға 99 өндіруші қол қойды. Олар ұн тарту кәсіпорындарына 14 мың тоннаға жуық бидайды белгіленген бағамен жеткізуге уәде берді. Бұл шара бір бөлке құнын 95 теңге деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Облыс тұрғындарын ас атасымен қамту үшін ай сайын 942 тонна ұн немесе 1200 тонна бидай қажет. Жаңа өнім алғанға дейінгі өңірдің әлеуметтік астыққа деген қажеттілігі 14 мыңға жуық тоннаны құрайды. Меморандумға сәйкес өндірушілер бидай тоннасының бағасын 85 мың теңгеден асырмауы тиіс. Ал бір бөлке нан әлеуметтік дүкендерге 93 теңгеден жеткізіледі.

Нұрболат Мақашев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Ұн тарту ұйымдары бірінші сұрыпты ұн келісінің бағасын 119 теңгеден асырмайды. Әлеуметтік нан пісіруге арналған өнімның бағасы келер жылдың қыркүйек айына дейін сақталады. Ал 550 грамдық нан әлеуметтік дүкендер мен тұрақтандыру қорының сауда нүктелерінде халыққа 93 теңгеден саудалайды.