426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыдағы Ұлттық кітапхана қоры толыға түсті

  • 107
  • UPD: 14:19, 09.10.2021

Бүгін Алматыда белгілі қытайтанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессер Клара Хафизова жеке кітапхана топтамасын Ұлттық кітапхана қорына тапсырды.

Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Клара Шайсұлтанқызының жеке құжаттар қоры – мазмұны жағынан өте бай. Ол Қазақстан тарихына байланысты алуан түрлі ғылыми-зерттеулерді, әлемге әйгілі тұлғалардың өмірбаяндары туралы құнды құжаттарды қамтиды. Сондықтан деректі мұра зерттеушілер мен ғалымдардың қызығушылығын тудырып, үлкен сұранысқа ие болары анық. Бұл топтамада қытайтанушы ғалымның жарты ғасыр ішінде Цин императорлары тұсында қазақ-қытай қарым-қатынасы туралы жазған монографиялық еңбектері де бар.

Клара Хафизова, академик, қытайтанушы ғалым:

– 1956 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жинаған кітаптарымның бәрін Ұлттық кітапханаға ұсынып отырмын. Біріншіден, алалар оқысын деп ойладым. Енді жасым үлкен. Ол кітаптарды аламын деген кісілер өте көп болды. Шетелден де болды. Осы кітаптар біздің Қазақстанда қалсын деп ойладым. Өйткені барған жерімнен кітап тасып алып келемін.

Хабар 24 телеарнасы