Елордада Ұлттық ағаш егу күні атап өтілді 

Бүгін елордада Ұлттық ағаш егу күні атап өтілді. Шара аясында Ататүрік саябағында 350 бадам ағашы егілді.

Новосібір қаласынан әкелінген өсімдіктің биіктігі 6 метрге дейін жетеді. Жасыл желек ісіне 70-ке жуық адам қатысты. Бұған дейін Мемлекет басшысы 5 жыл ішінде 2 миллиард түп ағаш егуді тапсырған болатын.

Алан Бесен «Орнықты даму» жер қорының басшысы

– Ұлттық ағаш отырғызу күнін 2014 жылдан бері атап өтеміз. Бүгін біз отырғызған ағаш өте әдемі гүлдейді. Сондай-ақ ол біздің ауа райына шыдамды. 5 жылдан кейін бұл жер керемет аллеяға айналады деген сенімдеміз.