Оралда «Атамекен» өнер ордасы ашылды 

Оралда аумағы 20 мың шаршы метр болатын өнер ордасы ашылды.

Классикалық үлгідегі жаңа ғимарат Тұңғыш Президент атындағы алаңда орналасқан. Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне осы өңірде жұмысы сапарымен жүрген Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысты. Үш қабаттан тұратын өнер ошағының акт залына мың шақты адам сияды. Сән-салтанаты келісті көрме залы, жиналыс пен конференция залдары да бар. 360 градусқа айналатын сахна оркестр отыратын арнайы орынмен жабдықталған.

Ақұштап Бақтыгереева, ақын:

– Бұл енді еңсеңді көтеретін, ұлтыңның дәстүрін сақтайтын, өзіңнің болашақ ұрпағыңның да өнерге ұмтылуына жол ашатын сарай болып тұр. Қазақстанның Венасы деп аталған Оралда мұндай сарайдың ертерек салынуы жақсы еді. Бірақ мына Егемендіктің 30 жылдығына орай осының салынуының өзі бізге қуаныш сыйлайды.

Бейбіт Хибашев, «Атамекен» өнер ордасының көркемдік жетекшісі:

– Жанды дауыста ойнауға музыканттарға ойнауға, жақсы ең соңғы Қазақстан бойынша звук, свет оборудование солардың бәрін әкеліп қойылды. Әрі қарай тек жұмыстану, жұмыстану.