Павлодар облысындағы шалғай ауыл тұрғындары балаларға футбол алаңын салып берді

Павлодар облысының шалғай ауыл тұрғындары жерлестеріне Тәуелсіздік күні қарсаңында тарту жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Май ауданы Малайсары ауылының азаматтары ауыл балаларына футбол алаңын салып берді.

Малайсары ауылының тұрғындары әу бастан спортқа құштар. Ауыл балалары әсіресе көкпарға жақын. 

Көкпар – күштілердің ойыны. Жеңіске жету үшін білектің күші жеткіліксіз. Физикалық тұрғыдан мықты болу үшін тұрақты жаттығу қажет. Балалар ұлттық ойыннан бөлек, теңбіл доп қуғанды да жақсы көреді. Осындай алаңда футбол ойнау бір ғанибет дейді жас споршылар.

Исмаил Сипатилов, оқушы:

- Футбол алаңын қосқаннан кейін бізге үлкен мүмкіндік туды. Біз осы футбол алаңын көптеген жылдар бойы армандадық.

Ауыл азаматтары жаңа спорт нысанында аудандық турнир өткізіп үлгерді. Оқушылар ғана емес, есеректер де бақтарын сынады. Ақсақалдар қауымы алаңның салынуын көп жылдар бойы күткен. Мереке қарсаңында жерлестері тосын сый жасап, қариялардың ақ батасын алды.

Сенбек Өмірбеков, спорт ардагері:

- Мектептің шәкірттері демеушілік жасап, 22 миллион теңгеге футбол алаңын салып берді. Біз қуаныштымыз. Міне, көріп тұрсыздар, жас балалар спортпен шұғылдануда. Кешке қарай ауылдың жастары шұғылданады. Балалар бос жүрмейді. Қуаныштарында шек жоқ балалардың.

Енді ауыл балалары көкпар мен футболмен қатар айналысу мүмкіндігіне ие. Малайсары елді мекенінде ұлттық ойын кәсіби тұрғыда дамыған. Ел азаматтары болашақта ұлттық ойындар мектебін ашпақшы. Осылайша, ата дәстүрін сақтап, келер ұрпаққа жеткізбек.

Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Марат Игіліков