Елордада 51 құрылыс компаниясы қара тізімге енді

Яғни олар «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» заңда көрсетілген тиісті рұқсатсыз үлескерлердің қаржысын тарта алмайды.

Қалалық әкімдік өзінің ресми сайтында осындай құрылыс ұйымдарының тізімін жариялады. Ақшаны қабылдағандары әкімшілік және қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартылады. Осы ретте әкімдік өкілдері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Қара тізімде халыққа кеңінен танылған компаниялар да бар.