Халықтың 69 проценті вакцина салғызды – Цой

Ал елде азаматтардың 69 проценті екпе салдыртты. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет сағатында хабарлады.

Ал препараттың бірінші компонентін халықтың 80 проценті алып үлгірді.

Министрдің айтуынша, вакциналаудың арқасында науқастар саны күрт азайды. Ауруханаға жатқызылатындар да көп емес.

Айта кетейік, қазір медициналық мекемелердегі орындардың 36 проценті бос емес. Реанимациялар 33 процентке толы. 22 мың орын бос тұр. Сондай-ақ депутаттармен кездесуде Алексей Цой елде коронавирустың 4 толқыны өткенін мәлімдеді.