Шымкент халқы вакцинаның бірінші компонентін 100% салғызды

Шымкентте халықтың барлығы дерлік коронавирусқа қарсы екпе алды. Қазір вакциналау көрсеткіші 100 процентке жетіп отыр.

Оның ішінде бірінші дозаны 536 мың адам салдырса, 454 мыңнан астам адам қос компонентін алған.

Айта кетейік, аймақ бүгінде «жасыл аймақ» санатында. Өткен тәулікте вирус жұқтырудың 28 жағдайы тіркелді. Жалпы қауіпті кеселден 400-ге тарта тұрғын емделіп жатыр. Емдеу орындарындағы төсекорынның 48 проценті ғана толы.