СҚО-да әйелін атып өлтіріп, қызын жаралаған адамға сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстан облысында әйелін атып өлтіріп, қызы мен жиенін жарақаттаған азаматқа сот үкім шығарды.

Жантүршігерлік оқиға биыл мамыр айының 10-ы күні Тимирязев ауданында болған. Ащы суға тойып алған 58 жастағы Юрий Глушков әйелімен сөзге келіспей, заңсыз сақталған қарумен оның басына оқ жаудырған. Мұнымен қоймай ол бұл сұмдықты көргендерді де өлтірмек болған екен. Ауыр жарақат алған 14 жастағы немересі жансақтау бөліміне түсіп, абырой болғанда есін жиды. Ал күдікті болса өз кінәсін толық мойындап отыр. 

Сергей Викторенко, СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

- Юрий Глушковқа «адам өлтіру» және «адам өлтіруге әрекет жасау» баптары бойынша екі бірдей айып тағылды. Енді ол өмірінің 23 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады. Жазасын ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін.