Автобус жүргізушілері бір аптада 11 мыңнан астам заң бұзушылық жасады

Елімізде қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 11 мыңнан астам заң бұзушылық жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды.

- Сонымен қатар 25 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарса, қарсы жолаққа шығу бойынша 52 жағдай тіркелді. Автобус парктерінің 136 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рұқсат етілмеген 76 тұрақ жабылды, - деді ҚР ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз.

Бұдан бөлек жылдамдықты асырғаны үшін 264 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.