Bek Air-ден қазақстандықтардың пайдасына 110 млн теңге өндірілді

Bek Air әуекомпаниясынан қазақстандықтардың пайдасына 100 миллионнан астам қаржы өндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Төрағасы Асқар Тынысбеков брифингте айтты. Оның айтуынша, Комитетке 1800-ге жуық азамат жүгінген.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсанда болған әуе апатынан кейін компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізілген еді. Сол кезде қауіпсіздікке қатысты заңнаманы өрескел бұзушылықтар анықталған. Жолаушылар әуе компаниясына қайғылы оқиғадан кейін тоқтатылған рейстерге билеттерді қайтару бойынша жаппай шағымданды.

Асқар Тынысбеков, ҚР Cауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:

– Егер авиакомпаниялар туралы айтатын болсақ, тұтынушыларда туындайтын проблемалар өте көп. Мысалы, өткен жылы тек бек эйр бойынша 1797 арыз түсті. Қаралды, құқықтары қорғалды. Сот шешімі бойынша 110 миллион теңге өндірілді.