426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

  • 81
  • UPD: 19:29, 11.10.2021
Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында 60 келіден аса есірткі тәркіленді.

«Қарасора-2021» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Шу ауданынан 100 шақырым жерде тиым салынған затты дайындап жатқан 27 жастағы азамат ұсталды.

Сондай-ақ облыстық Полиция департаменті 103 келіден аса кептірілген марихуана сатқан тұрғынды қамауға алды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Айыпталушының кінәсі дәлелденсе, үштен жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дінмұхамбет Қойтөриев, облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция подполковнигі:

– Жыл басынан бері облыстық полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 3 тоннадан аса есірткі затын тәркіледі. Сонымен қатар Жамбыл облысындағы шамамен 650 га аумақта жер жырту, шабу және өртеу жолдарымен 112 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.

Хабар 24 телеарнасы