426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда бірнеше мектепке бомба қойылғаны жайлы ақпарат – жалған

  • 69
  • UPD: 20:05, 11.10.2021
Нұр-Сұлтанда бірнеше мектепке бомба қойылғаны жайлы ақпарат – жалған

Елордадағы бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны жайлы ақпарат – жалған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Белгісіз адамдар бірнеше білім ошағының электронды поштасына жарылғыш зат қойылғаны жөнінде хат жолдаған. Полиция департаментінің қызметкерлері ақпаратты жедел тексерді. Алайда оғаш заттарды таба алмады.

Қазір жалған хабарлама таратқандар іздестіріліп жатыр.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы