Елорда маңынан жарылғыш заттар табылды

Ақмола облысында ер адам өзен жағасынан 4 бірдей граната тауып алды.

Елорда тұрғыны жарылғыш заттарды астананың іргесіндегі Арнасай ауылына балық аулауға барған кезде көріп қалған.

Сол жерге келген Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мамандары, олардың шынайы емес, оқу-жаттығуға арналған гранаталар екенін анықтаған. Әрі олардың бәрі пайдаланылған, – дейді құзырлы орган өкілдері.