Шығыс Қазақстанда баға бас бермей барады

Шығыс Қазақстан облысында азық-түліктің бағасы аспандап тұр. Тіпті өңірдің өзінде өсіріліп, өңделетін сұйық майдың бір литрі  1 мың теңгеге жетіп қалды. Сондықтан аймақта биыл тұрақтандыру қорына жиналатын өнім көбейіп жатыр. Бұл Өскемен мен Семей қаласында кейбір тауардың бағасын нарықтағыдан 40 процентке дейін арзандатпақ.

Алайда бұл Риддер, Шемонайха, Алтай сияқты шағын қалалардағы бағаға әсер етпейді. Өйткені бұл шаһарларда тұрақтандыру қоры құрылмаған. Атқарушы билік тек сауда нүктелірінің желісін көбейтуді көздеп отыр.

Өскеменнен 130 шақырым жердегі қала үшін азық-түлік бағасының өсуіне тұрғындар таң қалмайтын болған. Ал кәсіпкерлер кез-келген тауарды тасымалдау бағасы өте қымбат екенін айтады. Бұл қалада тек биыл картоп 40 процентке қымбаттаған.

Риддер әкімдігі қалада тұрақтандыру қорын құрып, әлеуметтік дүкендер желісін ашуға асықпай отыр. Тек азық-түлік пен көкеніс және жеміс-жидек саудалайтын кәсіпкрелерге жер телімдерін тегін беруге шешім қабылдаған. Тек сол арқылы ғана бағаны бақыламақ.

Любовь Каменская, кәсіпкер:

– Біз әкімдікпен меморандум жасадық. Бізге жер беретін болды. Соған сәйкес біз кейбір таураларды әлеуметтік бағамен сатамыз.

Елена Гайдук, Риддер қалаласы кәсіпкерлік бөлімінің маманы:

– Біз бүгінге дейін 70 меморандум жасады. Дүкен иелері күнделікті дастарханға қажет азық-түліктерге көп баға қоспауға келісіп отыр. Көп дегенде 10-15 процент шамасында ғана қосуға келісті.

Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация Риддер мен Алтай қаласында тұрақтандыру қорының филиалдарын ашуды енді қарастырмақ.

Эльдар Тұмашинов, ӘКК басқарма төрғасы:

– Бүгінге дейін жасалған меморандумдар негізінде Өскемен және Семей бойынша қосымша 20 сауда орны дайындалды. Жалпы, биыл әлеуметтік дүкендер желісін 85-ке дейін жеткіземіз. Ал моноқалаларда бағаны бақылауға аламыз. Егер тұрақтнадыру қоырнан тауар алып саудалайтын кәсіпкерлер болса, біз өнімді ұсынуға дайынбыз.

Былтыр көктемде, сәуір айында тұрақтандыру қорындағы картоп жоспарлаған мерзімнен бұрын бітіп қалған. Ал қырыққабаттың жартысы қоймада бұзылып кеткен. Сондықтан биыл картоптың көлемін көбейтіп қырыққабатты азайтуды жоспарлап отыр.

Авторлары:  Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Сондай-ақ...