loader

Бибігүл Төлегенова атындағы XI халықаралық вокалистер конкурсы аяқталды

Бибігүл Төлегенова атындағы XI халықаралық вокалистер конкурсы аяқталды

Елордада Бибігүл Төлегенова атындағы халықаралық вокалистер конкурсы аяқталды.

Он бірінші рет өткен айтулы байқауда алматылық Дінмұхаммед Көшкінбаев топ жарды. Бұл конкурста Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 60-тан аса өнерпаз бақ сынап келген. Ұйымдастырушылардың айтуынша олардың дайындығы жоғары деңгейде. Бәрі де қазақ музыкасының үздік үлгілерін әлемге паш етуді көздейді. Сол арқылы композиторларымыздың шығармаларын насихаттауға үлес қоспақ. 

Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық әртісі:

– Байқауға келген 60 адамның бәрін тыңдадық. Үндері әсем, бәрі де мықты. Талап бойынша 12 қатысушыны таңдауымыз керек болған. 15-ін іріктеп алдық. Себебі шынында бос жіберуге қимадық. Байқау өте үлкен деңгейде өтті. Бұл балалар тоқтап қалмауы керек. Біз салып берген даңғыл жолға адаспай түсіп, қанат қаға берсе екен.

Еске салайық, вокалистер конкурсының 20 жылдығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен сәйкес келіп отыр.

Дінмұхамед Көшкінбаев, халықаралық вокалистер конкурсының гран-при иегері:

– Менің ұстазым – Бекназарова Танагүл. Бірінші кезеңде 4 шығармадан болды, екінші кезеңде 2 шығарма оркестрдың сүйемелдеуімен болды.  Халық әнін айттық және баритондарға арналған С. Мұхаммеджановтың романсы «Жарқ етпес қара көңілім» деген романсты орындадық.

Сондай-ақ...