426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қараусыз қалған жануарлар иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды

  • 74
  • UPD: 23:35, 11.10.2021
Қараусыз қалған жануарлар иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды

Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған жануарлардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлайды Хабар 24 қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің сайтында мәлімделгендей, Жергілікті полиция қызметі басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясымен және елорданың аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406, 408-баптарына сүйеніп жануардың меншік иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде комиссиялық шешім қабылдайды. Аталған баптар елорда аумағында қараусыз қалған малды жаю фактісін анықтау жағдайларына қатысты болып отыр.

Жануар иесінің жеке басы және мән-жайы анықталғанға дейін қараусыз қалған жануар Нұр-Сұлтан қаласы, Алаш тас жолы, 72 мекен-жайында ұсталатын болады.

Жануарларды иесіне қайтарған кезде иесі сол аралыққа дейінгі шығынды өтеуі тиіс.

Бұл шаралар қараусыз қалған жануарлар кесірінен болған жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ ұрланған малды ұрлау мен заңсыз өткізудің алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Хабар 24 телеарнасы