Алматыда эпидахуал тұрақталды

Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың отырысында айтылды.

Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша Алматы халқының иммундық деңгейі шамамен 53 процентке жетті. Яғни биылғы жылдың 1 ақпанынан осы уақытқа дейін 968 мың 197 адам вакцинаның І компонентін алған, ал 885 мың 360 адам толық егілді. Инфекциялық стационарларда 1 мың 565 адам, оның ішінде 61 бала жатыр.