Шымтезекті батарея жасауға қолдануға болады – ғалымдар

Шымтезекті электромобильдің арзан натрийиондық аккумуляторын шығару үшін пайдалануға болады.

Эстонияның Тартус университетінің ғалымдары оны зерттей келе осындай шешімге келді. Ол үшін шымтезек 2-3 сағат жоғары температурадағы пеште қыздырылады екен. Нәтижесінде натриййондық батареяда қолданылатын көміртек ұнтақ пайда болады. Бұл литийлі батареядан әлдеқайда арзан дейді мамандар. Бірақ ғалымдар оны қолданудың әдісін әлі зерттеу үстінде. Үкімет технологияны сынақтан өткізу үшін қаржы бөледі деген үмітте.

Энн Луст Тартус, унивесритетінің профессоры:

– Бір тонна шымтезектен 100-200 келі көміртек ұнтақ алуға болады. Бұл үшін оны ыдырату қажет. Ең маңыздысы шымтезектің химиялық құрамы өзге биоматериалдарға қарағанда өзгермейді.

Сондай-ақ...