Ақтөбеде ереже бұзғандарға 91 млн теңге айыппұл салынды

Ереже бұзғандарға 91 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбеде карантиндік шектеу талабын бұзғандар жауапқа тартылып, айыппұл арқалады. Жыл басынан бері мобильді бақылау тобынан полиция департаментіне 912 арыз түскен. Соңғы аптаның өзінде 7 дерекке қатысты әкімшілік іс қозғалып, тиісті тұлғалар жауапқа тартылды.  Санитарлық талаптар көбіне  мейрамханалар мен асхана сияқты қоғамдық тамақтану орындарында бұзылады. Оларға қатысты 229 ұйғарым беріліп, 32 млн 128 мың 790 теңге айыппұл салынған.