Елордада алаяққа алданған үлескерлер сот үкімін қайта қарауды сұрады

Елордалық кәсіпкер Сергей Котляровтың арбауына түскен үлескерлер сот үкімін қайта қарауды сұрайды. Осыған байланысты бүгін Қылмыстық іс бойынша Апелляциялық сот басталды.

Жәбірленуші тараптың адвокатының айтуынша, пәтерлер компанияға емес, халыққа тиесілі.

Айта кетейік, «Шығыс» тұрғын үй кешенінде құрылысы біте қоймаған нысанның пәтерлерін кепілге қойып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бірімен келісім-шарт жасасқан. Сондай-ақ  құрылыс компаниясының басшылығы бір пәтерді бірнеше рет сатқан.

Естеріңізге сала кетейін, 64 жастағы құрылыс компаниясының басшысы баспанамен алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 айға сотталды. Қазір тұрғын Үй кешенінің құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы есебінен жүріп жатыр.