Ақбұлақтағы атыстан қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер берілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Ақбұлақ ықшам ауданындағы атыс кезінде қайтыс болған полицейлердің отбасыларымен кездесіп, пәтер кілттерін тапсырды.

Қайғылы оқиға 20 қыркүйекте болған еді. Сол күні полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев қызметтік борышын орындау кезінде алматылық тұрғын Игорь Дужновтың қолынан қаза тапты. Екеуі де Алатау аудандық полиция басқармасында учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған. Дархан Сүлеевтің артында кәмелетке толмаған бес баласы, ал Нұрбол Байғазиевтің 5 және 7 жастағы екі баласы жетім қалды. Қаза болған сақшылардың жеке баспаналары болмаған.