Шымкентте Hyundai Otyrar дилерлік орталығы ашылды

Шымкентте «Астана Моторс» компаниясының «Хёндэ Отырар» дилерлік орталығы ашылды. Автоорталықта қолайлы сервис пен темір тұлпардың түрлі моделі бар. Енді миллионды қаланың тұрғындары жаңа дизайн мен максималды жайлылыққа ие көлік түрін алысқа сабылмай таба алады.

Жаңа автоорталықта отандық «Хёндэ Транс Қазақстан» зауытының «Хёндэ» автокөліктері сатылады. Толық жабдықталған кешеннің жалпы ауданы 2 мың шаршы метрден асады. Компания жобаны жүзеге асыру үшін 1,5 миллиард теңге инвестиция құйды. Жүзден астам қала тұрғынын тұрақты жұмысқа тартты.

Айбек Сәттібаев,  қала әкімінің орынбасары:

- Бұл компания тек бір автосалонмен тоқтап қалмайды. Тек сату ғана емес, олар қаладағы басқа да көлік жүргізушілеріне ремонт жағынан мүмкіндіктер береді. Қосалқы бөлшектер. Халықаралық дәрежедегі қызметтер ұсынылатын болады. Сондай-ақ қаламыздың дамуына үлкен ықпалын тигізеді.

Дилерлік орталықта клиенттің көлікке қол жеткізуі үшін түрлі жеңілдіктер мен банктік несиелеу жолға қойылған.

Бекнұр Несіпбаев, «Астана Моторс» компаниясының бас директоры:

- Бұл жерде біздің халық ескі автокөліктерін жаңа автокөлікке ауыстыруына болады. Қосалқы бөлшектер бар, сервис бар және бөліп төлеу деген программалар болады. 

Айта кетейік, «Хёндэ» көліктері сапасы мен технологиясы жағынан халықаралық стандартқа жауап береді. Трассаға төзімділігі мен қарбалас қала өміріне жайлылығы көлік жүргізушілерінің көңілінен орын тапқан.

Әсет Асқаралы, сату бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда «Хёндэ» көліктері өте танымал. Сатылымға көп шығып жатыр. Бұл автокөліктердің сапасы өте жоғары. Бұл автокөліктер өз бағасын ұзақ уақыт ұстай алады. 

Өз клиенттерін қуантуға асық кешен қала орталығында орналасқан. Демалыссыз таңғы 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов

Сондай-ақ...