Төрт аққу үй ауласын паналады. Бұл – Павлодар қаласында болған жағдай.
Шаһардың қақ ортасындағы үй ауласына қонған төрт аққудың үшеуі көп ұзамай ұшып кетіп, жаралы біреуі қалып қойған. Үйге дереу жеткен мамандар құстың қанаты жараланғанын байқаған. Барлық ем-шаралар жасалып, Қызыл кітапқа енген аққу өзге де құстар жүзіп жүрген су қоймасына жіберілді. Қазір оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ дейді мамандар.