Қызылордалық жігіт түтіннен тазарту жобасын ойлап тапты    

Қызылордалық өнертапқыш Алматы мен Елорданы түтіннен тазартқысы келеді. Ол осы жобасын 3 жылдан бері жетілдіріп, іске асыруды жоспарлап жүр. 

Яғни құрылғыны көпқабатты үйлердің төбесіне орналастырып, қуатты желдеткіштер арқылы ауаны сүзгіден өткізуге болады дейді, – Марат Палмахов. Оның есебі бойынша тау бөктеріндегі Алматыны 2-3-ақ жылда түтіннен тазартуға болады. Құрылғылар кез-келген мезгілде үздіксіз әрі дыбыссыз жұмыс істейді. Тек құрастырушы бұл жобасын іске асырудың ретін таппай жүр. Қолдау керек.

Бұған дейін ол шалғайдағы шаруа қожалықтарына баламалы энергияны пайдаланып, тиімді мал суару тәсілін де ұсынған болатын.

Марат Палмахов, өнертапқыш:

– Маған қаржылай және ғылыми-техникалық қолдау қажет. Теориялық тұжырымдамамды шағын макетте тәжірибе жүзінде дәлелдедім. Енді маған үлкен тәжірибелік алаң керек. Яғни мегаполистердің үйлеріне құрылғыны орнатып, қосып, тексеруге мүмкіндік жасалса деймін.