Шығысқазақстандықтар тасқынмен күресуді үйреніп жатыр

Елдің шығысындағы тұрғындар су тасқыны кезінде жедел әрекет ету тәсілдерін үйреніп жатыр.

Үйретуші – кәсіби құтқарушылар. Глубокий ауданындағы ең қауіпті деген 27 елдімекенде оқу-жаттығу алаңы ашылды. Онда ауыл тұрғындары арнайы техника мен құтқару құралдарын пайдалануды меңгереді.

Естеріңізде болса, 2018 жылы бұл ауданда 50 шақты үйді, жолдар мен көпірлерді су алып кеткен еді. Сол кезде сорғылардың жетіспеушілігі байқалды. Осыны ескерген жергілікті волонтерлар 10 ауылға осындай қондырғы сыйға тартты.

Арайлым Әбілғалымова, волонтер:

– Жыл сайын су тасқыны секілді төтенше жағдайлар боп тұрады. Сондықтан адамдар дайын болса, өздерін қалай ұстауын біледі деп ойлаймыз. Сонымен қатар, осы жерлерге әкімдіктегілер мен мектептердегі командаларға өздеріне ұстайтын құрал-жабдықтарды әкеп жатырмыз. Ол: мотопомпа, генератор, фонариктар, мегафон. Оның барлығын осы төтенше жағдай болардың алдында қолдануға болады.

Сондай-ақ...