Тыйым салынған діни материалдарды әлеуметтік желіде жариялаған қостанайлық ұсталды

Тыйым салынған діни материалдарды әлеуметтік желілерде жариялаған қостанайлық ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24 Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысының ПД қызметкерлерімен интернет ресурстарын мониторингтеу барысында «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни алауыздықты өршіту белгілері бар материалдарды жариялаған облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны анықталды.

Азаматтың іс-әрекетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 4-бөлімі бойынша белгілері көрінуде. Жеке тұлға үшін аталған құқық бұзушылық 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылады.

Ағымдағы жылы ұқсас құқық бұзушылықтар үшін үш Қостанай облысының тұрғындары сот шешімімен жауапкершілікке тартылды.