Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар жолға шықты

«Алматы – Маңғыстау» және «Алматы - Өскемен» жолаушылар пойызында әйелдерге арналған вагон бар.

10 қазанда жүрген жолға шыққан рейске 92 әйел билет алған. Ал бүгін Алматыдан Өскеменге аттанған пойыздағы вагонға бар-жоғы жеті әйел билет алған. Ұлттық тасымалдаушы компания өкілдері бұл шара бірінші кезекте қауіпсіздік үшін қолға алынғанын айтады. Бұл поезбен ер азамат атаулыдан тек анасымен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар ғана жүре алады. Егер әйелдерге арналған вагонға сұраныс артса қосымша вагондар қарастырылмақ.

Мәдина Бақтынова, жолаушы:

- Інім алып берген билетті. Жалғыз бара жатқан әйелдерге ыңғайлы. Студент қыздар болады, сол жағынан ыңғайлы бұл. Отбасы адамдарға бөлек енді, біз сияқты жалғыз баратындарға ыңғайлы.