Байқоңырдан 2036 жылға дейін 41 зымыран ұшырылмақ  

Байқоңырдағы «Бәйтерек» кешенінен 2036 жылға дейін 41 зымыран ұшырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Цифрлық даму, инновациялар  жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Оның айтуынша Қазақстан Ресей елімен осындай келісімге келді. Көрші мемлекет 23 зымыранды ұшыруға кепілдік беріп отыр. Сондай-ақ Қазақстан жыл сайын 2 тапсырыстан алуға құқылы. Ұшырылатын әр зымыранның құны 52-ден 62 миллион долларға дейін. Оның 10 миллионы жерді пайдалануға бергені үшін Қазақстан бюджетіне аударылады. Айта кетерлігі, осы келісімнің арқасында еліміз бұған дейінгі несиелік міндеттемелерден босатылады. Және де еліміздің «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорнындағы үлесі ұлғаяды деп күтіліп отыр. Мәжіліс депутаттары бұл құжат ғарыш кешенінің жұмысын қамтамасыз етуге оң әсерін тигізетінін ескеріп, заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 

 

 

Сондай-ақ...