loader

Көкшетауда тауық жұмыртқасы күрт қымбаттады

Көкшетауда тауық жұмыртқасы күрт қымбаттады

Көкшетауда да тауық жұмыртқасы қымбаттап барады.

Өткен айда бұл өнімнің бір ондығы 300 теңгенің маңайында сатылса, қазір 500 теңгеге жақындап қалған. Ал Ақмола облысы республикада жұмыртқа өндірісі бойынша алғашқы үштікке кіреді. Аймақта бірнеше ірі құс фабрикасы бар. Олар жыл басынан бері 600 млн дана жұмыртқа өндірген. Ал облыстың өз сұранысы 200 млн-ға да жетпейді. Өзін ғана емес, өзге өңірлерді де азық-түліктің осы түрімен қамтамасыз етіп отырған аграрлы аймақта бағаның бұлай құбылуын жергілікті халық түсіне алар емес. Ал сатушылар жұмыртқа қысқа қарай тағы да қымбаттайды деп отыр.

Елена Мельник, сатушы:

– Қыркүйек айының соңынан бері жұмыртқа бағасы 140 теңгеге көтерілді. Бұл шамамен 33 процент. Сатып алушылар бізге наразылықтарын білдіріп жатыр. Бірақ біздің қолдан не келеді? Тағы қымбаттайды деген болжам бар. Дәл қазіргідей баға бұрын тек Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында болатын. Енді биыл қысқа қарай ол 600 теңгеден асуы ғажап емес.

Сондай-ақ...