Қазақстанда 1922 ауыл ауыз су жүйесіне мұқтаж

Қазақстанда екі мыңға жуық ауыл ауыз суға мұқтаж. Солардың тек 368 ғана биыл тіршілік нәрімен қамтылады.

Қалған елді мекендерді жоспарға сай 2025 жылға дейін жабдықтау жоспарланған. Әсіресе, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Жамбыл облыстарындағы ауылдардың ауыз су мәселесі төмен деңгейде. Бұл туралы брифингте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері хабарлады.

Жалпы биыл сумен жабдықтау  және су құбырларын жөндеуге  151 миллиард теңге бөлінсе, соның жартысын ажуығы осы ауылды елді мекендерге бағытталған. Елімізде барлығы 6 мыңнан астам ауыл бар.

Бейбіт Шаханов, ҚР ИИДМ Құрылыс және ТҮКШ істері комитеті төрағасының орынбасары:

– 793 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелері салынады.  Ал қалған 1129 ауылда кешенді блок модульдер орнатылады. 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 миллиард теңге бөлінеді. Оның ішінде ауылды елді-мекендерге 261 миллиард көзделіп отыр.