Өзбекстан азаматы шекарадан есірткі затын алып өтпек болды

Сарыағаштық полицейлер «Кольт» атты иттің көмегімен шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне Жібек жолы шекара бекетінің қызметкерлерінен Өзбекстан азаматының есірткі затын алып өтпек болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі.

Оқиға орнына тез арада жедел уәкілдер тобы жетеді. Тексеру барысында «Кольт» атты қызметтік иттің көмегімен шетелдік азаматтан есірткі затын тапты.

Жедел уәкілдер тәркіленген бір дана қағаз орамдағы есірткі затын сараптамаға жолдады. Қорытынды бойынша есірткі 1 грамнан асатын «гашиш» болып шықты. Қазіргі уақытта осы жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 286-бабымен (Айналыстан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.