Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі артады

Бүгін Мәжілісте еліміздегі «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатта омбудсмен өкілеттігін кеңейту ескерілген. Депутаттардың айтуынша, дербес құқыққа ие болу сияқты қосымша бар. Бұл осы қызмет үшін маңызды. Яғни уәкіл қамауға алынбайды, қылмыстық әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Тіпті оған тінту мен жеке тексеру жүргізілмейді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне араласқандарға әкімшілік жаза қарастырылған. Заң жобасы бойынша уәкіл саяси қызметке қатыспауы керек. Тіпті партия мүшесі де бола алмайды.