425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

2050 жылға қарай көмір электр станциялары жабылады

  • 68
  • UPD: 19:33, 13.10.2021
2050 жылға қарай көмір электр станциялары жабылады

Қазақстанда 2050 жылға қарай көмір электр станцияларының бәрі қолданыстан шығарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жоспар елордадағы конференция кезінде таныстырылған 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығы доктринасында жазылған. Ол экономика мен өнеркәсіптегі төменкөміртекті трансформацияның негізгі тәсілдерін қамтиды. Президент доктринаның өршіл мақсатына қол жеткізуге күш-жігер қажет екенін атап өтті. Жоба бойынша 2050 жылға қарай барлық көмір электр станциялары тоқтайды. 2060 жылға қарай жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесі 80 процентке жетеді. Бұл іс мемлекеттің, бизнестің және жалпы қоғамның белсенді әрі бірлесіп күш жұмсауын қажет етеді.

Хабар 24 телеарнасы