Қазақстанда ревакцинация қарашаның ортасында басталады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

Министрлік халықты қайта вакциналау тәсілдерін әзірледі. Бас дәрігердің айтуынша, қайта вакциналау үшін екпенің 1 ғана дозасы салынады. Коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 ай өткенде қосымша дозаны егу ұсынылады. Мысалы, Спутник вакцинасын алған адамдар тек 9 айдан кейін вакцинаны қайта салдыра алады. Ал екпенің толық курсынан кейін вирус жұқтырғандар сауыққан соң 3 айдан соң егіледі. Ведомство басшысы қайта вакциналау кезінде екпенің елімізде рұқсат етілген кез келген түрін алуды ұсынады. Алексей Цой фейсбук парақшасында елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын айтты. Осыған байланысты өңірлерде 25 тамыздан бастап 103 ковидтік стационар жабылғанын мәлімдеді.