426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазпошта Samsung Electronics компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

  • 76
  • UPD: 22:53, 13.10.2021

Ұлттық пошта операторы отандық және шетелдік компаниялармен серіктестікті нығайтып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін «Қазпошта» Samsung Electronics компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Компаниялар бірлескен цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға ниетті.

Меморандум аясында Қазпошта серіктесінен сұрыптау орталықтарында пайдалану үшін мобильді құрылғыларды сатып алуды жоспарлап отыр. Онда Қазпоштаның ақпараттық жүйелерімен біріктірілген бағдарламалар орнатылады. Құрылғылар пошта жөнелтілімдерін түсіру және тиеу барысында штрих-кодтарды сканерлеуге арналған. Цифрлық өнімдер өндірістік процестерді жеделдету және пошталық жөнелтімдерді өңдеу кезінде пайда болатын қателерді жою үшін енгізілуде.

Серік Саудабаев, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:

– Қазпошта - компанияның тиімділігін арттыруға, технологиялық бизнес-процестерді жақсартуға және қызмет көрсету сапасын жетілдіруге басымдық береді. Осы мақсатта біз өзіміздің IT-бағдарламамызды қолдана отырып, технологиялық процестерді оңтайландырдық және автоматтандырдық.

Қазпоштаның жаңа бастамаларының негізгі мақсаты – пошта мен логистикалық қызметтердің сапасын арттыру. Биыл компания пошта жөнелтілімдерінің зақымдануын азайту үшін контейнерлік тасымалдауды және жүктерді паллетизациялауды енгізді.

Гүлсара Камеева, халықаралық пошта қызметінің учаске жетекшісі:

– Қазіргі кезде жаңадан бізге пaлетизация, контейниризация деген қызметтер қосылды. Поштаға да өте тиімдісі тиеген кезде де, түсірген кезде де ыңғайлы. Пошта жөнелтілімдерінің өңдеу сапасын арттыру үшін және уақытты үнемдеу үшін жасалынып жатыр.

Қазпошта даму стратегиясына сәйкес қызметтерді жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, логистика саласында өз ресурстарын белсенді түрде кеңейтіп, жаңа көлік дәліздерін дамытуда және өндірістік процестерді оңтайландыруда.

Гүлжан Көленқызы, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы