Қарағанды облысы Осакаров кентінде 108 камера орнатылды

Қарағанды облысының Осакаров кентінде бірден 108 камера орнатылды.

Кісі көп жүретін көшелерге қойылған құрылғылар болған жайды тәулік бойы таспаға түсіріп, ол жазба 30 күнге дейін сақталады. Камералар елді мекенде жол-көлік оқиғаларының және қылмыстың алдын алу мақсатында құрылып отыр. Сондай-ақ былтыр мұнда 54 көше асфальтталған екен. Енді онымен ауыр жүк көліктерінің жүрмеуін бақылауға да мүмкіндік бар.

Ерік Ақыжанов, Осакаров кентінің әкімі:

- Асфальтты сақтау үшін, үлкен машиналар жүрмеу үшін, зиян келтірмеу үшін осы камералар қойылған. Жүргізушілер қазіргі уақытта ережелерді бұзбайды уже, ременьдерін тағып жүреді, жылдамдықты азайтып жүреді. Жаңағы камералардың жұмыс істегені біздің учаскелік инспекторларға да көп көмек әкеліп отыр.