Каспий теңізі ерекше қорғауға алынады

Бүгін Сенат депутаттары осындай заң жобасын қолдады.

Құжатқа сәйкес, флора мен фаунаға нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынады.

Мәселен, қорғауға алынған жануарларды аулау процесі қатаң бақылауға алынбақ. Каспий теңізіне қатысты қабылданатын шешімдер ең алдымен қоғамдық тыңдауларда талқыланбақ. Су қоймасындағы кемелердің қоршаған ортаны ластауына жол берілмейді. Құжатта теңіздің биоалуандылығын тиімді пайдалану шарттары да қарастырылған.