Президент ЕАЭО елдеріне азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты ортақ құжат қабылдауды ұсынды

Еуразиялық экономикалық одақ елдері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжат қабылдауы қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Біздегі жағдай әлдеқайда жақсы. Алайда әлемдік нарықтағы бағаның өсуі – одаққа мүше елдерге әсер етіп жатыр. Бұл жыл өткен сайын күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан Еуразиялық экономикалық комиссия одақ елдерімен бірлесіп, азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ортақ ұстаным мен тетіктерді қамтыған жобаны әзірлеген. Құжат алдымен азық-түлік тапшылығын азайтуға, импорт алмасуға бағытталған. Сондықтан Мемлекет басшысы аталған құжаттың маңыздылығын ескере отырып, оны Алматыда өтетін Кеңес отырысында мақұлдауды ұсынды.

«Бүгінде азық-түлік мәселесі жаһандық деңгейде өзекті болып отыр. Әлемнің әрбір 10-шы тұрғыны, яғни 700 млн-нан аса адам азық-түлік тапшылығын тартып отыр», – деді Президент.