Тоқаев одақтас елдермен өнеркәсіп саласындағы жұмысты күшейтуді тапсырды

Президент Ресейден басқа одақтас елдермен өнеркәсіп саласындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Біз өнеркәсіптік кооперацияға барынша көңіл бөлеміз. 2025 жылға дейін өнеркәсіптік ынтымақтастық аясында белсенді қарым-қатынас орнатуды мақұлдадық. Осы бағытта Ресеймен тығыз ынтымақтастық орнаттық. Кейінгі екі жылда бірқатар ірі өнеркәсіптік жобаны жүзеге асырдық», – деді Президент.

Бірлескен материалдар өндіру бойынша «Лукойлмен», «КАМАЗ-бен» одан өзге де ірі кәсіпорындармен жүзеге асырып жатқан жобалар бар. Ал өнеркәсіп саласында өзге елдермен ынтымақтастық әлеуеті әлі де кеңейе қоймады.

Сондықтан Президент «Үкіметтерге осы бағытта интеграциялық байланысты күшейтуді тапсыру дұрыс деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.