Пара алған құрылыс бөлімінің басшысы қамауға алынды   

Оралда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаев сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін тұтқындалды. Оған 134 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.

Күдікті құрылыс компанияларының біріне пандемия кезінде арнайы тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдем көрсеткен. Сонымен қатар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан жалпы сомасы 2,2 млрд теңге болатын екі 9 қабатты тұрғын үйдің атқарылған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойған.

Біржан Хайруллин, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

– Ол 2020 қазан айынан бастап 2021 жылдың 11 қазан айына дейін «Н»-нің сыбайластығы арқылы «ЖШС директоры «Ш»-дан бұрын келісілген аса ірі мөлшердегі 170,0 млн теңгеден 134,0 млн пара алған. «Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысы және азамат «Н» ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ...